Политика Президента  это золотая опора, главное - сохранить единство народа

02-07-2020

Политика Президента это золотая опора, главное - сохранить единство народа

Майра Бейсеканова,
ШҚО ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы
Елбасының саясаты алтын арқауы, басты өзегі – ел бірлігін сақтау. Мемлекет рәміздерінен бірде-бір кем ұстамайтыны, қайта-қайта аузынан тастамайтыны – елдің ынтымағы мен бірлігі. Билікті қолына алған сәттен бастап осыны саясатының туы етіп қалады.Ұлан-ғайыр мемлекет орнатып, халқының көңіліндегісін тауып, көкейіндегісін істеген Нұрсұлтан Назарбаевбүгінгі таңда ұлы тұлға.
 
Қазақстанды тұғыры биік, тегеуріні мықты мемлекетке айналдырды.
Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен бастап ұлтаралық келісімді, ел бірлігін мемлекет саясатының басты қағидасы ретінде белгіледі. Аймақтағы бейбітшілікке бағытталған дана саясаты ең бастысы қауіпсіздікті нығайтуға көзделген еді. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру, оны жетілдіру, оны басқа ел¬дерге үлгі ету Н.Назарбаев қызметінің дана¬лығының көрінісі бола алды.
Тұңғыш президентіміз Қазақстанды бүгінгі шыққан биігіне жеткізу үшін батылдық пен сақтықтың үйлесімін пайдаланды. Экономика мен қоғамның ашықтығына ұмтылды, ол сөйтіп Қазақстан үшін халықаралық ұйымдарда айтарлықтай беделге қол жеткізді.